Елдос Сметов Париж Олимпиадасына жолдама алды

Алматыда дзюдодан 60 келі салмақтағы үш балуан арасында өткізілген Олимпиадаға іріктеу турнирі аяқталды, деп жазады Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. Аталған сынға Елдос Сметов жеңіске жетті. Ол бірінші белдесуде Мағжан Шамшадинді ұтса, екінші белдесуде Нұрқанат Серікбаевтан басым түсті.

Айта кетелік, бұл Елдос Сметовтің үшінші Олимпиадасы болмақ. Ол бұған дейін Рио Олимпиадасында күміс, Токио Олимпиадасында қола медаль иеленген.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компаниядағы үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды