Елдос Қоспаевтың бауыры Айбек Қоспаев 12 жылға бас бостандығынан айырылды

Ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі Елдос Коспаевтың туған інісі Айбек Қоспаев 12 жылға бас бостандығынан айырылды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Оған Қылмыстық кодекстің келесі баптары бойынша айып тағылған:

  • 262-бап, 2-бөлім — ұйымдасқан топқа немесе қылмыстық ұйымға қатысу;

  • 249-бап, 3-бөлім, 1-тармақ — рейдерлік;

  • 218-бап, 3-бөлім, 2) және 3) тармақтар — қылмыстық жолмен алынған ақшаны немесе өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату);

  • 189-бап, 4-бөлім, 1) және 2) тармақтар — сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу;

  • 214-бап, 2-бөлім, 1) тармақ — заңсыз кәсіпкерлік, заңсыз банк, микроқаржылық немесе коллекторлық қызмет;

  • 233-бап, 2-бөлім — әдейі жалған сәйкестендіру құралдарын және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын жасау немесе өткізу мақсатында сатып алу, пайдалану немесе өткізу;

  • 194-бап, 4-бөлім, 1) және 2) тармақтар — бопсалау.

Қыста Астанадағы сот Айбек Коспаевтың екі ағасы — Елдос пен Айдос Коспаевтарға қатысты үкім шығарды. Елдос Коспаев, кейбір деректер бойынша Болат Назарбаевқа жақын адам ретінде аталады, ол 15 жылға бас бостандығынан айырылды, ал Айдос — 12 жылға сотталды. Сонымен қатар, тағы тоғыз адам айыпталып, олар 9 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, ұйымдасқан қылмыстық топ кәсіпкерлердің мүлкін тартып алып, компаниялардағы үлестерін иеленіп, көлеңкелі бизнеспен айналысқан.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған