Елдің басты шыршасы қашан жағылады?

Оның биіктігі – 25 метр.

Алматы, NEGE. Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасы Қазақстанның бас шыршасы қашан жағылатынын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мәдениет басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл 19 желтоқсанда сағат 19:00-де ЭКСПО көрмесінің аумағында елдің бас жаңа жылдық шыршасын жағу рәсімі өтеді.

«Басты шырша «Нұр Әлем» сферасының маңында орналасқан. Оны жағу рәсіміне орай концерт ұйымдастырылады. Оған қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысады», - деп жазылған хабарламада.

Іс-шараға елорда тұрғындары мен қонақтары қатыса алады.