Елдің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Алматы, NEGE. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, орталығында боран соғады.

Өскеменде оңтүстік-шығыстан, батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында көктайғақ болады. Өңірдің басым бөлігінде тұман түседі.

19-20 желтоқсанда Жамбыл облысының оңтүстік-батысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, күндіз секундына 19 метрге жетеді. 20 желтоқсанда желдің күші секундына 23-28 метр болады, оның күші секундына 30 метрге жетуі мүмкін.

19-21 желтоқсанда Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қарағанды облысында түнде батыста, күндіз солтүстікте, шығыста, орталығында көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады. Қарағандыда шығыстан жел соғып, оның күші секундына 15-20 метрге жетеді.

19 желтоқсанда Түркістан облысының таулы аудандарында жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Тау бөктеріндегі аудандарда таңертең және күндіз секундына 15-20 метр, таулы аудандарда секундына 23-28 метр, тау асуларында секундына 30 метр жылдамдықпен жел соғады.

Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында тұман түседі.

19 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда тұман, көктайғақ болады, күндіз боран соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында боран соғып,

тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні күндіз облыстың шығысында секундына 15-20 метрге жетеді.

 

18-22 желтоқсанда Алматы облысы Алакөл ауданында оңтүстік-шығыстан секундына 17-22 метр жылдамдықпен жел соғады, оның екпіні секундына 25 метрге жетуі ықтимал.