Елдегі такси жүргізушілері салық төлейді
Такси жүргізушілері мен курьерлерге қатысты да өзгеріс болады, деп хабарлайды Qazaqstan телеарнасы.
Алматы, NEGE. Енді олар Шілде айынан бастап салық төлей бастайды. Бағдарлама әуелде пилоттық режимде жұмыс істейді. Яғни, салықты ерікті түрде төлейді. Ол үшін әр жүргізуші онлайн платформаға құжаттарын жүктеп, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу керек.
Қазір такси жүргізушілері мен курьерлер табысының шамамен 18 пайызын онлайн платформаға, тағы 6 пайызын таксопаркке төлеп отыр.