Елдегі эпидемиологиялық жағдай қандай?

2 тамызда аяқталатын карантин режимі кезінде Қазақстан эпидемиологиялық жағдайды тұрақты ете алды. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Үкімет отырысында коронавирус инфекциясымен күрес шаралары және елдегі эпидемиологиялық жағдай талқыланды.

2020 жылғы 2 тамызда аяқталатын карантин режимі кезінде Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайды тұрақты және медициналық ұйымдардың жүктемесі айтарлықтай азайды.

Сондай-ақ аймақтарда дәрілердің қажетті қоры құрылғаны хабарланды.

«Бізге қазіргі эпидемиологиялық жағдай көрсеткіштерін жақсарту керек. Бүгін Денсаулық сақтау министрлігі карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастауды ұсынды. Осы айдағы жағдайды ескере отырып, біз бұл жоспарды мемлекеттік комиссия отырысында қараймыз және тиісті шешім шығарамыз», – деді Асқар Мамин.

Елімізде аурудан айыққандардың саны 63 пайыздан артты. Тәулік сайын жұқтыратындардың көрсеткіші 4 пайыздан 1,7 пайызға, стационарларда төсек-орын 46 пайызға дейін, жедел жәрдем шақыру 38 пайыз төмендеді.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді