Елдегі ең басты шырша қашан жағылады?

Жыл сайын жаңа жыл қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында елдегі ең басты шырша жағылады. Бұл дәстүр биыл да қайталанады.

Астана, NEGE. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы баспасөз хатшысы Гүлжан Сергібаеваның айтуынша, елдегі ең басты шырша 18 желтоқсан күні 18:00-де жағылады.

«Шырша жағу шарасы концерттік бағдарламамен жалғасады. Отандық әншілер ән салады. Ашық аспан астында коньки тебуге болады. Конькиді жалға алу құны – 500 теңге. Ал егер өз конькиіңізбен келсеңіз, тебу тегін» дейді Г.Сергібаева.

Қазір оқып жатыр

Желтоқсан қатысушыларын балағаттаған алматылық әйелге қатысты іс қозғалды

Ақтауда өзіне қол салды деген келіншектің өлімін қайта тергейді

Назарбаевтың тоқалы Әсел Исабаева көпшілік алдына қайта шыға бастады

Астанадағы MEGA Garden маңынан пәтер алу қаншалық тиімді?