Елде вирус өршіп барады
Өткен тәулікте (25 қараша) еліміз бойынша 820 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы ведомствоаралық комиссия хабарлады.
Нұр-Сұлтан. NEGE. 24 қарашада ғана коронавирусты 720 адам жұқтырғаны анықталып еді. Бір тәулікте олардың саны 100 адамға артты.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 77
Алматы қаласы – 77
Шымкент қаласы – 11
Ақмола облысы – 75
Ақтөбе облысы – 7
Алматы облысы – 30
Атырау облысы – 14
Шығыс Қазақстан облысы – 164
Жамбыл облысы – 14
Батыс Қазақстан облысы – 37
Қарағанды облысы – 19
Қостанай облысы – 63
Қызылорда облысы – 3
Маңғыстау облысы – 3
Павлодар облысы – 110
Солтүстік Қазақстан облысы – 114
Түркістан облысы – 2
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 128 400. Ал жазылғандар саны – 114 821.