Елде вакцина алғандар саны 9 миллионға жетті

2021 жылғы 24 желтоқсандағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін салдырғандар саны 8 931 073 адамға жетті.

Алматы, NEGE. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды. Ал вакцинаның II компонентін 8 432 936 адам салдырған.