Елде қару-жарақ сақталған 103 орын табылды
Полиция қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған 100-ден астам жерді анықтады.
Алматы, NEGE. Бұл туралы Polisia.kz сайтында жарияланды. Ішкі істер министрлігі республикалық маңызы бар 3 қала мен бірқатар облыстың аумағында жүргізген арнайы операциялары нәтижесінде мыңнан астам адам ұсталды. Енді олар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ұсталғандардың ішінде деструктивті ағымды жақтаушылар, ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшілері мен мүшелері, сондай-ақ атыс қаруының заңсыз айналымына және қаңтар оқиғасына қатысы болуы мүмкін күдіктілер бар.