Елде апта бойы ыстық ауа-райы сақталады
Синоптиктер 14-16 шілде аралығында елімізде ауа райы қандай болатынын айтты.
Алматы, NEGE. Қазақстанның барлық дерлік өңірінде құрғақ және ыстық ауа райы сақталады. Бұл – Иран мен Ирак аймақтарынан келген ыстық ауаға байланысты. Республиканың батысы мен шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты өткінші жаңбыр жауады. Найзағай жарқылдап, екпінді жел тұрады. Бұршақ жаууы ықтимал.