9 ноября 2023 г. 9:58

Елде 3 күн бойы ауа райы құбылмалы болады

Фото:

Елде алдағы 3 күн бойы ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлады "Хабар-24".

Алматы, NEGE. Қазгидромет мәліметінше, оңтүстік, батыс және шығыс өңірлерде қар аралас жаңбыр жауады. Ал Астанада ауа температуарасы 1 градусқа дейін төмендейді. Жалпы республика бойынша жел күшейіп, екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді. Барлық аймақты қалың тұман басады.

- Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман басады. Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында көктайғақ болады. Кезеңнің соңына қарай Қазақстанның оңтүстік-шығысында түнгі сағаттарда ауа температурасы төмендейді, таулы аудандарда 5-10 градус аязға дейін төмендеуі мүмкін, - деді «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі Махамбет Маратов. 

Тегтер: