Елде 33 градусқа дейін аяз болады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 17, 18 және 19 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Алматы, NEGE. Болжам бойынша, алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағы Қара теңіз аудандарынан келетін ауқымды антициклон ықпалында болады. Ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтіледі.

"Тек қиыр солтүстікте және 17 ақпанда республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда, фронталь бөліктер әсерінен қар жауады. Термометр бағандары: солтүстікте түнде 10-23 градус аяз, орталықта және шығыста 17-27 градус, жекелеген өңірлерде 33 градус, оңтүстікте 5-15 градус аяз болады деп болжанған", - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Air Astana-ны 21 жыл басқарған Питер Фостер ресми түрде қызметінен кетті

Депутат ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің еңбекақысын арттыру жолдарын ұсынды

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті психиатриялық ауруханаға жатқызылды

Бапи: Дүмше уағызшылар қоғамға қауіп төндіріп отыр