Эльдар Иманқұлов Азия чемпионы атанды

Нысана көздеуден Азия біріншілігі басталды.

Алматы, NEGE. Шымкентте нысана көздеуден Азия біріншілігі басталды. Алғашқы жарыс күнінде Қазақстан командасы алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Пневматикалық тапаншамен 10 метрге 60 рет нысана көздеуден қазақстандық Эльдар Иманқұлов жеңіске жетті. Ол 235.1 ұпай жинаған.

Екінші орында Сауд Арабиясының өкілі Софар Мохамммад Алдосари, үшінші орында таиландтық Ноппадон Сутвирух.

Айта кетелік, нысана көздеуден Азия чемпионаты осымен 14-рет ұйымдастырылып отыр. Құрлық додасы 20 қыркүйекке дейін жалғасады.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады