Елдана Тәліпова бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты

Бокстан Қазақстан құрамасының спортшысы Елдана Тәліпова Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты.

ҰОК

Алматы, NEGE. Спортшы 81 келіден жоғары салмақ дәрежесінде алтын медаль үшін күреседі.

Жартылай финалда Тәліпова Молдова өкілі Дарья Сазонованы жеңді.

Осылайша, әлем чемпионатының финалында бес қазақстандық боксшы сынға түседі. Бұған дейін жартылай финалда Назым Қызайбай (48 келі), Алуа Балқыбекова (50 келі), Виктория Графеева (60 келі) және Аида Әбікеева (63 келі) жеңіске жеткен болатын.

Финалдық жекпе-жектер 16 наурызда өтеді.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?