3 июля 2020 г. 16:43

Елбасының қандай брендті ұнататыны белгілі болды

Күні кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев короновирустан айықты. Бұл жөнінде ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлап, Нұрсұлтан Әбішұлының серуендеп жүрген фотосын жариялады. 

Нұр-Сұлтан, NEGE. Суреттің қайда және қашан түсірілгені белгісіз. Қалың орманнан шығып, шағындау көпір үстімен өтіп бара жатқан Елбасы сергек көрінеді. Үстінде жеңіл күртеше, аяғында спорттық аяқ киім, қара көзілдірік таққан. 

Журналист М.Козачков Нұрсұлтан Әбішұлының қолындағы сағат маркасы мен спорттық аяқ киім брендін анықтап, желіге жазба қалдырды. «Астаналық достарымның аталған брендтерді неге жақсы көретінін енді түсіндім. Сезіп тұрмын, бұдан былай осылардың сатылымы көбейеюі мүмкін» деп жазды Козачков. 

Сонымен, Н.Назарбаев серуен кезінде АҚШ-тың белгілі бренді Garmin қолсағатын тағады.

Бренд тарихына зер салсақ, ол өзінің GPS құрылғысымен ерекшеленеді. Сағат әу баста АҚШ авиациясына көмекші құрал ретінде жасалған-ды. Соққыға төзімді, су өткізбейді. Салмағы небәрі 80 грамм, сапфир әйнекпен қапталған. Тағы бір артықшылығы, мобилді құрылғыларға жалғанады, физикалық қозғалысты, түс пен калорияны бақылайды. Нарықтағы бағасы – 291 мың теңге. 

Спорттық аяқ киімге келсек, Loro Piana – италиялық бренд.

Ғасырдан астам тарихы бар компания отбасылық бизнес ретінде танымал. 1924 жылы Пьетро Лоро Пьяна әкесінен қалған мата фабрикасын басқаруға алып, 17 жылдан кейін аяқ киім шығара бастайды. Және тек табиғи таза өнімді қолдануымен ерекшеленеді. Елбасының бұл аяқ киімді таңдауының сыры осыда болса керек. Нарықтағы бастапқы бағасы 1045 АҚШ доллары, жеңілдікпен 370 доллар. 

Тегтер: