Елбасының бастамасымен 550 мың отбасы 50 мың теңгеден алды

Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 550 мың отбасы 50 мың теңгеден алды. Бұл туралы Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді.

Aлматы. NEGE. "Елбасының тапсырмасы бойынша #BizBirgemiz акциясының төртінші кезеңі атқарылды. Еліміздің ауылдық елді мекендеріндегі тағы 80 мыңнан астам мұқтаж отбасы 50 мың теңгеден алды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Birgemiz қорының біржолғы қаржылық қолдауымен 550 мыңнан астам отбасы қамтылды. Отбасы мүшелерін қоса есептегенде, бұл - 2 миллиондай қазақстандық", - деп жазды Instagram желісіндегі парақшасында. 

Сонымен бірге тұрмысы төмен 100 мың мұқтаж отбасыға 5 миллионнан аса тегін маска үлестірілді. 300 мыңдай отбасы азық-түлік себетін алды. Бұл іске 5 мыңнан аса волонтер атсалысқан.

"Нұротандықтар Түркістан облысының су басқан ауылдарының тұрғындарына мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтті. Шілде айында Достық ауылының тасқыннан зардап шеккен тұрғындарына арналған үйлер салынып бітеді", - деді Байбек.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде әкімдік ғимаратындағы өрт толық сөндірілді

Ақтөбеде әкімдік ғимараты өртенді

«Бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылады»: Трамп Иранға қатысты тағы мәлімдеме жасады

Тоқаев жұмыскерлердің еңбек құқығын күшейтуге қатысты заңға қол қойды