Елбасы Шавкат Мирзиеевпен сөйлесті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті. Олар бір-бірін келе жатқан Жеңістің 76 жылдық мерейтойы және Ораза Айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Тұңғыш Президентінің ресми сайты.


Нұр-Сұлтан, NEGE. Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиеев дәстүрлі көршілік, сенім мен көпғасырлық достық рухындағы екі ағайын ел игілігіне дамып жатқан қазақ-өзбек стратегиялық қатынасының қазіргі деңгейін жоғары бағалады. Оған саяси саладағы жемісті байланыстар, биылғы тауар айналымы көлемінің өсуі мен шекаралық сауда-саттық саласындағы іскерлік шеңбердің жаңа әрекет ету мүмкіндіктерін қалыптастыру, бірлескен экономикалық және өңіраралық жобалардың жүйелі жүзеге асуы, сонымен қатар мәдени-гуманитарлық бағдарламаларды жылжыту кепіл бола алады. Әңгіме соңында екі жақ өңірдегі бейбітшілікті, тұрақтылықты және қауіпсіздікті нығайту үшін Орталық Азия елдерімен әріптестікті дамыту мен тереңдету туралы ойларымен бөлісті.

Қазір оқып жатыр

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады