Елбасы Санкт-Петербургке келді

Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Санкт-Петербургке келді.

Алматы. NEGE.  Ол ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысады. Бұл туралы Қазақстан Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай твиттерде жазды.

«Елбасы Ресей Федерациясы Президентінің шақыртуымен Санкт-Петербург қаласына ТМД-ға мүше елдер көшбасшылары арасындағы бейресми кездесуге қатысу үшін келді», -делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербургке жұмыс сапарымен баратындығы туралы хабарлаған болатынбыз.