Елбасы мен Ресей президенті телефонмен сөйлесті

Елбасы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Алматы, NEGE. Әңгіме барысында Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа қолдау білдіріп, вирусты жеңуін және тезірек сауығып кетуін тіледі.

Елбасы Ресей Федерациясының Президентіне алдаңдаушылық танытып, жылы лебіздерін жолдағаны үшін шын жүректен ризашылығын білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді және Ресей халқын келесі аптада Мәскеу қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге орай өтетін салтанатты іс-шаралармен құттықтады.

Бұдан бұрын Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа тезірек сауығып кетуін тілеп, телеграмма жолдағаны хабарланған еді.

Қазір оқып жатыр

Жақсылық Омарға рақымшылық жасалмайды – прокуратура

Ақмола облысында бөгет жарылды

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған