Елбасы: Каримовпен келісу өте қиын еді

«Хабар» арнасындағы сұхбатында Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік шекараның қалай айқындалғанын айта келе, Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримовқа мінездеме берді.

Алматы, NEGE. «Бұл туралы айту өте ыңғайсыз, өйткені ол өмірден өтіп кетті. Менің ескі досым Ислам Каримовтың өз көзқарасы болатын. Онымен келісу өте қиын еді. Ол бәріне өз ойын айтатын. Бірақ, бірде мынадай оқиға болды: Телефон соғып, «келемін» деді. Мен оған: «Тыңдашы, талқылайтын тақырыпты қарастырайық», – дедім. «Ешқандай тақырыптың керегі жоқ, сенімен кездесуім керек», – деді ол.

Мен оны күтіп алдым. Жаны жұмсақ, жақсы адам, бірақ мінезі... Ол келді, кездестік, түрлі мәселелерді талқыладық. Осындай қызық нәрселер болып тұратын», – деді Н.Назарбаев.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

Әшімбаев, Қошанов пен Бектенов соғыс құрбандарының рухына тағзым етті