Елбасы БҰҰ отырысында бейнеүндеу жасады

Елбасы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының жоғары деңгейдегі пленарлық отырысына қатысушыларға үндеу жолдады.

Алматы, NEGE. Жиын Нью-Йорк қаласында өтіп жатыр және халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне ұйымдастырылды. Отырыс Тұңғыш Президенттің бейнеүндеуімен ашылды. Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметтің маңыздылығына тоқталып, халықаралық аренада антиядролық қозғалысты ілгерілету жолындағы қазақстандық дипломатияның ерекше күш-жігерін атап өтті. Осыдан отыз жыл бұрын қабылдаған Семей полигонын жабу туралы шешімінің маңыздылығын түсіндірді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

Әшімбаев, Қошанов пен Бектенов соғыс құрбандарының рухына тағзым етті