Елбасы ауған басшысымен сөйлесті

Елбасы Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Ашраф Ғанимен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды  Elbasy.kz сайты.

Алматы, NEGE. Әңгімелесу барысында Ауғанстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық және коронавирус сырқатынан тезірек сауығып кетуін тіледі.

Тараптар өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Ашраф Ғани Қазақстанның Ауғанстанды әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қалпына келтіру және гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі жүйелі іс-қимылдарын жоғары бағалады.

Елбасы Ауғанстан көшбасшысына жылы лебіздері үшін алғыс айтып, екі ел арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді. 

Телефон арқылы сөйлесуге Ауғанстан тарапы бастамашы болды.

Қазір оқып жатыр

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасына қатысушылардың тізімі жарияланды

Астанада күзге дейін бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі

МӘМС қаржысын жымқыру бойынша 14 сотқа дейінгі тергеу басталған

Новороссийск портына шабуыл жасалды: Қазақстан мұнай экспортына зиян келді ме?