Ел ұшақ апатынан қаза тапқандармен қоштасуда
Алматы жұртшылығы Қазақстан генералдары кеңесінің төрағасы, әділет генерал-майоры Рүстем Қайдаровпен қоштасты.
Алматы, NEGE. 1940 жылы Семей өңірінде дүниеге келген Рүстем Қайдаров құқық қорғау органдарының ардагері. КСРО ІІМ құрметті қызметкері. Қазақ КСР ІІМ үздік тергеушісі. Құқық қорғау саласындағы еңбегі үшін «Парасат», «Достастық жұлдызы», «Еңбегі үшін», II дәрежелі «Отанға қызметі үшін» ордендерімен және КСРО, қазақстан, ресей, украина және Беларусь елдерінің 30-дан астам медалімен марапатталған.
Нұр-Сұлтан қаласында осы ұшақ апатынан көз жұмған әріптесіміз, Informburo.kz порталының редакторы Дана Круглованы туыстары, әріптестері және дос-жараны ақтық сапарға шығарып салды.