Ел табысының жартысы тамаққа кетеді

Ел тұрғындарының тапқан-таянғаны, ішіп-жегенінен аспайды. Қазақстандықтар табысының 50 пайызға жуығын азық-түлікке жұмсайтыны зерттеу барысында анықталыпты. деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы. NEGE. Еуразия бірінші арнасына сүйенсек, бұл деректі Ресейдің халықаралық ақпарат агенттігі жариялады. Бұл зерттеуде бірқатар мемлекеттердегі азаматтардың азық-түлікке шығыны көрсетілген. Қазақстандықтар азық-түлікке тапқан табысының 49,4 пайызын жұмсайды. Бұл деректі өзге елдермен салыстырып көрелік. Мысалы, Украина мен Молдова мемлекеттерінің азаматтары еңбекақысының 40 процентін тамаққа арнаса, Еуропаның ең ауқатты елдері саналатын Германия, Финляндия, Аустрия мен Норвегия тұрғындары жалақысының 12 пайызын ғана осы бағытқа бөледі екен. Ұлыбритания мен Нидерландының адамдары тамаққа деп табысының тек 10,6 процентін арнайтыны белгілі болып отыр.

Қазір оқып жатыр

Министрлік Aitu қосымшасына қатысты «накруткаға» бақылау жасамайды

«Кресло», «жалюзи», «комодқа» қазақша атау тапқанға ақша беріледі

Қазақстан Германияға мұнай жеткізу бағытын өзгертті

Қазақстандықтардың 86 пайызы өзін діндар деп санайды