2 октября 2022 г. 11:15
Ел Президенті педагогтарды бүгінгі кәсіби мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел ұстаздарын кәсіби мерекесімен құттықтап, жүрекжарды тілегін білдірді.
«Ұстаз деген - қасиетті мамандық. Бәріміз ұстазды сыйлаймыз. Себебі ұстаз - жоғары деңгейдегі тұлға. Ұстаздар күні құтты болсын! Біз ұстазды құрмет тұтқан елміз. Қоғамда мұғалімнің мәртебесін одан әрі биіктетеміз» деп келтірді Президенттің сөзін Ақорданың баспасөз қызметі.