Эквадорда 6,9 балдық жер сілкінісі болып, 13 адам қаза тапты

18 наурызда Эквадор жағалауында 6,9 балдық жер сілкінісі болып, 13 адам қаза тапты.

Алматы, NEGE. Жер сілкінісі 10 шақырымнан аса тереңдікте болған. Дүмпулер Гуаякильден, Мачаладан және көршілес Перудан алыс сезілді. Эквадор геофизикалық институты 44 шақырым тереңдікте 6,5 баллдық жер сілкінісінің магнитудасын анықтады.

Гуаякильде бірнеше аудан жарықсыз қалған. Соңғы мәліметтер бойынша, зілзала салдарынан қаза тапқандар саны 13-ке жеткен. Он шақты ғимарат қираған. 126 адам зардап шеккен.

Қазір оқып жатыр

ВТБ Қазақстандағы еншілес банкінен 45,19 млрд теңге дивиденд алады

Трамп Ормуз бұғазындағы кемелерді босату операциясы басталғанын мәлімдеді

Алматы әуежайын су басты

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды