Бұрынғы сүйіктісінен миллиондаған ақша бопсалаған ер адам қамалды

Экс-сүйіктісінен миллиондаған ақша бопсалаған шымкенттік қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Бұрын бірге тұрған ер адамның өзін қорқытып жүргені туралы айтқан қала тұрғыны полицияға жүгінді. Арызданушының айтуынша, ер азамат оның интимдік видеоларын интернетке таратпау үшін 20 мың доллар талап еткен.

Күдіктіні қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері талап етілген соманың 2 миллион теңгесін алу кезінде ұстады. Осы жайт бойынша полицейлер тергеу әрекеттерін бастады. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді