Экс-шенеунік Жақсыбек Құлекеев Сәтбаев университетінің студенттерімен кездесті

21 сәуір күні Қ.Сәтбаев атындағы университетте белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым Жақсыбек Құлекеев студенттермен кездесіп, пікір алмасты.

Алматы, NEGE.  Қазақстанның бұрынғы Экономика, Білім және ғылым министрі болған, «ҚТЖ», «ҚазМұнайГаз» сияқты ірі ұлттық компанияларда басшылық қызмет атқарған Жақсыбек Құлекеев соңғы уақытта жастармен кездесудің ортасынан табылып жүр. Экономика ғылымдарының кандидаты, белгілі ғалым Жақсыбек Әбдірахметұлы экономика саласына да еңбегі сіңген тұлға. Экономика – ел мен жердің өркендеуіне жол ашатын ғылым. Еліміздің экономика жүйесінде оның еңбектері осы күнге дейін қолданылады. 

 «Қазіргі заманғы геосаяси жағдайда экономиканы дамытудың өзекті мәселелері» атты тақырыпта өткен кездесуде ол студенттердің сұрағына жауап беріп, қоғамдағы мәселелер бойынша пікірімен бөлісті. Соңынан «Қаңтар оқиғас: Ақорда үшін күрес» кітабын қолтаңбасын жазып, сыйға тартты.