Экс-президентті қамау мерзімі ұзартылды

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты түрмеде ұстау мерзімі ұзартылды. Бұл туралы АКИ

press хабарлады.

Алматы, NEGE. Атамбаев мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторында отыр. Оны түрмеде ұстау мерзімі 15 наурызға дейін созылды

Атамбаевтың адвокаты Замир Жоошевтің айтуынша, заң бойынша Атамбаев түрмеде отыруға тиіс емес. «Алмазбек Шәршенұлын қамауда ұстау – заңсыз. Оның денсаулығы да мәз емес» деді Жоошев.

Естеріңізге сала кетейік, Атамбаевты «арнайы жасақ жауынгерінің өліміне кінәлі» деп қамаған.   

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті