20 февраля 2020 г. 9:49

Экс-президент екінші мәрте сотталды

Фото:

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Ли Мён Бак 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған аса ірі көлемдегі пара алды деген айып тағылып отыр.

Алматы, NEGE. Рёнхап агенттігінің хабарлауынша, 78 жасар экс-президент сот залынан бірден түрмеге әкетілген. Бұған қоса оған мемлекет қоржынына 15,7 млн АҚШ долларын құю міндеттелді.

Ли Мён Бак Оңтүстік Кореяны 2008-2013 жылдар аралығында басқарды. Кейін үстінен жемқорлық бабы бойынша қылмыстық іс көтеріліп, 15 жылға кесілген. Денсаулығына байланысты үйқамаққа шығарылған экс-президентке жаңа айыптар қосылып, 17 жылға сотталды.

Естеріңізге сала кетейік, Ли Мён Бактан кейін мемлекет тізгінін қолына алған (2013-2017) Пак Кын Хе де сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар, билікті теріс мақсатта пайдаланды және коммерциялық компанияға заңсыз көмектесті деген айыппен 24 жылға сотталған болатын.

Тегтер: