Экс-премьердің төлқұжаты дәретханадан табылды

Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Дэвид Кэмеронның төлқұжаты Нью-Йорк әуежайының дәретханасынан табылды. Төлқұжаттың қасында қару болған деп хабарлайды Daily Mail.

Алматы, NEGE. Оқиға 3 ақпан күні тіркелген. АҚШ-қа әйелімен бірге демалуға барған Дэвид Кэмерон Лондонға қайтпақ болса керек. Қасындағы мемлекеттік күзет қызметінің маманы Glock 17 деп аталатын қаруымен қоса, екі төлқұжатты дәретханада ұмыт қалдырған. Оның бірі – өзінікі болса, екіншісі - Дэвид Кэмерондікі.

Ұмыт қалған заттарды жолаушы әйелдердің бірі тауып алып, ұшқышқа тапсырған. Соның өзінде ұшақтың әуеге көтерілуі бір сағатқа кешігіпті.

Лондон полициясы бұл оқиғаға байланысты тергеу амалдарын бастады. Ұмытшақ офицер жұмыстан шығарылды. Ал Кэмерон не болғанын түсіндіруден бас тартты, делінген ақпаратта.

Еске сала кетейік, Дэвид Кэмерон 2010-2016 жылдары Ұлыбританияның премьер-министрі болып қызмет еткен.

Қазір оқып жатыр

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды