Экс-министр Біртановтың денсаулығы жақсарды

Коронавирус жұқтырған бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың жағдайы жақсарып, стационардан шығарылды.

Алматы, NEGE. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.

 "Елжан Амантайұлы (Біртанов - авт. еск.) жағдайының жақсаруына байланысты инфекциялық стационардан шығарылды. Қазір амбулаториялық емін жалғастырып жатыр", - деді Ажар Ғиният ОКҚ-да өткен брифингте.

Еске салайық, 14 маусымда Елжан Біртановтан коронавирус табылғаны хабарланған. Ал 25 маусымда ол денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылған болатын.