2 июля 2023 г. 12:45

Экс-Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты қамауға алынды

Фото:

Белгілі қазақстандық журналист Михаил Козачков экс-Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының мүддесін қорғаған Мұстахим Төлеевтің ұсталғаны туралы хабарлады.

Алматы, NEGE.«Астанада бұрынғы Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын қорғаған адвокат Мұстахим Төлеев ұсталды. Алдын ала болжам бойынша, адвокаттық өтінішті экс-шенеуніктің әйелі жазған. Ол күйеуіне жеңіл жаза тағайындау үшін адвокатқа біраз ақша бердім деп отыр», – делінген хабарламада.

Қылмыстық іс «Алаяқтық» және «Пара беруге итермелеу» баптары бойынша қозғалды. Адвокат Төлеев изоляторға қамалды.

Тегтер: