Экс-депутат «Қазақстан халқына» қорына қаржы аударды

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқына» қоғамдық қорын құруды тапсырды.

 Алматы, NEGE. Экс-депутат Нұртай Сабильянов алғашқылардың бірі болып президент тапсырмасымен құрылған «Қазақстан халқы» қорына 5 миллион теңге көлемінде қаржы аударды. Бұл туралы ол өзінің facebook-тегі парақшасында жазды.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсыныстарын, мәлімдемесін тыңдадық. Толық қолдаймыз. Құрылатын «Қазақстан халқына көмек» қорына кәсіпкер ретінде 5 миллион теңге аударамын», – деп жазды Нұртай Сабильянов.