Экс-әкім Бағдат Мәнізоровтың үстінен қылмыстық іс қозғалғаны рас па?
Бас прокуратураның баспасөз қызметі Алматы облысы әкімінің экс-орынбасары Бағдат Мәнізоровқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілді деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Алматы, NEGE. «Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын, Бас прокуратураның сотқа дейінгі тергеуі тіркелмегенін хабарлаймыз», - деді Бас прокуратура.
Бұған дейін Telegram-арналардың бірінде Kozachkov offside экс-әкімнің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тараған еді.
Онда шенеунікке рейдерлік және бопсалау жасады деген айып тағылғаны айтылған. Келген шығын көлемі 6 млн долларға жуық делінген.
2019 жылы Бағдат Мәнізоровты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара алды деген күдікпен ұстаған, бірақ артынша іс тоқтатылғаны белгілі.