Экс-президенттің атындағы қорды қызы басқаратын болды

Түркіменстанның бұрынғы президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың қызы әкесінің атындағы қордың вице-президенті болып тағайындалды.

Бердымұхамедов пен Назарбаев. Фото: Sputnik

Огулджахан Атабаева – Түркіменстанның бұрынғы президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің үлкен қызы.

Turkmen.news. басылымының хабарлауынша, О.Атабаева әкесінің атындағы қорда көмекке мұқтаж балаларды емдеумен айналысады. О.Атабаеваны вице-президент етіп тағайындау туралы шешімді Г.Бердымухамедов 7 желтоқсанда қор басқармасының Арқадақта өткен отырысында қабылдаған.

Экс-президенттің үлкен қызы Огулджахан мен күйеубаласы Дәулет Атабаев бұған дейін Ұлыбританияда тұрған. Д.Атабаев Түркіменстанның Лондондағы елшілігінде кеңесші лауазымын атқарған. 2019 жылы оған қатысты қызық жағдай болғаны белгілі: жергілікті велосипедшілердің бірі Д.Атабаевтың рөлде телефонмен сөйлесіп келе жатқанын байқап, ескерту жасаған. Сол кезде көлікте оның әйелі де отырған.

О.Атабаева. Фото: turkmen.news

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, Атабаев Құрылыс жөніндегі мемлекеттік комиссия төрағасының кеңесшісі деген шартты лауазымға ие. Шын мәнінде ол Арқадақтағы медициналық нысандарға бақылау жүргізеді. Арқадақ – Бердімұхамедовтердің отбасылық жобасы. Ал О.Атабаеваның бұл тағайындалуы отбасылық кланның ықпалын көрсетсе керек. 

Отбасы мүшелерін саясатқа араластыру – Орталық Азия басшыларына тән жағымсыз әдеттердің бірі. Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасы мүшелері де осындай артықшылықтардан құралақан емес. Назарбаевтың өзі биліктен кетсе де, отбасы мүшелері әлі де ықпалды. Ал Назарбаевтың атындағы түрлі қорлар миллиардтарды емін-еркін айналдырып жатыр.   

Қазір оқып жатыр

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті

Омаровтың анасына тиесілі зауыт аумағындағы өрттің алдын ала себебі анықталды

Астанада үй алдындағы аулада екі жасар баланы көлік қағып кетті

Тұрсын Алагөзов Шымкент сыра зауытының қызметкерлеріне 50 пәтер тарту етті