Экс-министр Жақсылықовтың ұсталғаны туралы жалған ақпараттың таралуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Бұрынғы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың ұсталғаны туралы жалған ақпараттың таралуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Р.Жақсылықов

Алматы, NEGE. Бұл ақпаратты Қазақстан Ішкі істер министрлігі растады.

«Астана қаласының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігі бойынша (бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат тарату) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың ұсталғаны туралы жалған қауесет тараған болатын. Бұрынғы министр бұл ақпаратты өзі жоққа шығарды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр