Экс-министр Марат Бекетаев 9 жылға бас бостандығынан айырылды

Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев 9 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленетін болды.

М.Бекетаев. Фото: Sputnik / Болат Шайхинов

Алматы, NEGE. Әділет министрлігінің бұрынғы басшысы 2023 жылғы қазанда ұсталған еді. Оған қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылды.

Антикордың нұсқасы бойынша, ол өзі байланысы бар компанияның мүддесін қорғап, жыл сайын қажеті жоқ қызметтерді көрсетуге арналған келісімшарттар жасасуға ықпал еткен.

Соның салдарынан мемлекетке аса ірі көлемде — 1 миллиард теңге залал келтірілген.

Қазір оқып жатыр

Ұлытау облысында Olimpbet пен 1XBET-ке бәс тіккен 10 шенеунік қызметінен қуылды

«Наурызды тойлауға болмайды»: Блогердің мәлімдемесінен кейін Бас прокуратура ескерту жасады

Ресейде жаппай төбелеске қатысқан қазақстандықтар 10 тәулікке қамалды

Усть-Лугадағы жаппай төбелес: қазақстандық жұмысшылармен болған жағдай реттелді