Экс-министр Гүлжан Қарағұсованың қызы ғарышқа ұшады

Blue Origin компаниясы NS-36 миссиясына арналған суборбиталық New Shepard кемесінің экипаж құрамын жариялады.

gov.kz

Алматы, NEGE. Алты қатысушының қатарында кәсіпкер, FMG маркетингтік холдингінің негізін қалаушы Данна Қарағұсова бар.

Ол Қазақстанның бұрынғы еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарағұсованың қызы.

Фото: әлеуметтік желіден

Сонымен қатар, Данна Қарағұсова блогер әрі кәсіпкер Бейбіт Әлібековтың бұрынғы жұбайы.

Ол Қазақстаннан ғарышқа турист ретінде баратын алғашқы әйел болады.

Онымен бірге АҚШ пен Украинадан кәсіпкерлер мен инженерлер, сондай-ақ есімін құпия сақтауды қалаған бір жолаушы ұшады.

Қазір оқып жатыр

Ұлттық қауіпсіздік қызметі «мұнай магнаты» Фрэнк Монстрейге іздеуге жариялады

Енді «автодозвонның» орнына SMS-хабарлама жіберіледі: ережеге өзгеріс енгізілмек

Демалыс күндері ел аумағында қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді, үсік жүреді

Журналист Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды