Экс-министр Арыстан Мұхамедиұлына жаңа үкім шықты

Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты экс-мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлынына екі эпизодты («Алтын адам» шеруі» көрмесі және «Дипломат» қонақ үйі) қамтитын қылмыстық іс бойынша үкім шығарды.

Әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Прокурор Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 58-бабының 3-бөлігінің негізінде онша ауыр емес жазаны неғұрлым қатаң жазамен қолданып, мүлкін тәркілемей, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, сегіз жыл бір айға бас бостандығынан айыруды сұрады.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 58-бабының 6-бөлігі негізінде Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 13 ақпандағы үкімімен тағайындалған жазаны ішінара қосу арқылы қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша Арыстанбек Мұхамедиұлы 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді», – деп үкім оқыды судья Кемеңгер Имашев.

Мұхамедиұлы жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейді.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады