Экс-генерал заңсыз иеленген жер мемлекетке қайтарылды

Алматы облысында экс-генерал Серік Күдебаев заңсыз иеленген жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

ғаламтордан

Сот Алматы облыстық Полиция басқармасының бұрынғы бастығы, экс-генерал Серік Күдебаевтың баласы мен бауырына қатысты Жер ресурстарын басқару департаментінің шағымын қанағаттандырды. Темірлан Мырзақұлов пен Мұратбек Күдебаевқа және «Кеңсай-Агро» серіктестігіне 49 жылға жалға берілген жайылымдық жерді кері қайтарып алды. Сот олардың жерді заңсыз алғанын, келісімшарт жасасқанда заң бұзылғанын анықтады.

Естеріңізге салайық, Серік Күдебаев 2022 жылғы қаңтар бүлігінен соң 10 жылға сотталған. Күдебаевтың қарамағаындағы полицейлер ұсталғандарды қинап, қылмысты мойындату үшін денесіне үтік басқаны дәлелденген еді.

Күдебаев қазір Семейдегі түрмеде жазасын өтеп жатыр. Қоғам белсендісі Бауыржан Мусиннің айтуынша, экс-генералға ерекше жағдай жасалмаған. Ол өзге де сотталушылармен бірге алаң сыпырып, түрме барақтарын тазалап жүр.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде әкімдік ғимаратындағы өрт толық сөндірілді

Ақтөбеде әкімдік ғимараты өртенді

«Бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылады»: Трамп Иранға қатысты тағы мәлімдеме жасады

Тоқаев жұмыскерлердің еңбек құқығын күшейтуге қатысты заңға қол қойды