Экс-дипломат Сәкен Мамашқа қатысты сот отырысы ішінара жабық өтеді

Елордада бұрынғы дипломат Сәкен Мамашқа қатысты сот отырысы ішінара ашық және жабық режимде өтеді. Бұл туралы Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Артур Абдыханов мәлімдеді.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Сот жәбірленуші тараптың өтінішхатын ішінара қанағаттандыру туралы қаулы шығарды. Негізгі сот талқылауының дайындау бөлігін ашық форматта, ал сот тергеуін жабық отырыста өткізу туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ айыпталушы Сәкен Мамаш өзін фото, видеоға түсіруге қарсы болды, судья оның талабын қанағаттандырды. Ал жәбір көруші Карина Мамаш сот залында фото, видеоға түсіруге қарсы емес. Одан бөлек, судья БАҚ өкілдерін сот процесіне ішінара қатысуы туралы шешім шығарды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр