Экс-басшы «Қазпоштаның» Президент кеңесшісі болды

Мемлекет басшысының өкімімен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

primeminister.kz

— Мемлекет басшысының өкімімен Жанасова Әсел Жұбанышқызы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, — делінген ресми ақпаратта.

Еске салайық, Әсел Жанасова бұған дейін «Қазпошта» АҚ басқарма төрайымы қызметін атқарған болатын. Сонымен қатар ол цифрлық даму саласында да бірқатар жетекші лауазымдарда жұмыс істеген.