Екпені міндеттеу дұрыс па?

Қазақстанда екпе жасау міндеттеліп, адам ағзасын шетелге шығаруға рұқсат етілуі мүмкін. Бұл туралы елордада «Денсаулық сақтау жүйесі және халық денсаулығы туралы» кодекс бойынша қоғамдық тыңдауда айтылды.

Алматы, NEGE. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мемлекеттік орган қызметкерлері мен қоғам белсенділерін жинап, заңның тиімділігін бүге-шүгесіне дейін түсіндіруге тырысты. Бірақ басқосу соңы шуға ұласқан. «2016 жылы менингакок инфекциясының тарағаны естеріңізде болар. 15 өлім жағдайы тіркелді. Ал оған қарсы екпе бар. Сол кезде көптеген адамдар бұл екпені іздеуге кірісті. Екпе бізге дұрыс нәтиже берді. Бір кездері біздің елде гепатит Б өте көп болды. Алайда екпе жасау жүйесін енгізгелі ауру 40 есеге азайды», –  дейді ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин.

Бұл пікірмен жиналғандар келіспеді. Екпе жасуды міндеттеу дұрыс емес деп санайтындар табылды. Оған айғақтары да бар.  Айта кетейік, елімізде екпе сатып алу үшін жылына 25 миллиард теңге бөлінеді.

Қазір оқып жатыр

Атыраулық «хакер» Түркияда ұсталды

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы