Екпеден бас тартқандар жұмысынан шығарылды

Германияда коронавирусқа қарсы вакцина салдырудан бас тартқандар жұмысынан шығарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Оқиға жергілікті қарттар үйінде болған. Мекеме директоры әйелімен бірге екпе салдырып, өзгелерді де осыған үндеген. Алайда 7 бірдей қызметкер вакцинадан бас тартқандықтан, ұжым басшысы оларды жұмыстан шығарып жіберген. Германияда коронавирусқа қарсы жаппай екпе салу, желтоқсан айының соңында басталған болатын. Бір ай ішінде препараттың бірінші дозасын, 1 миллион 200 мыңнан аса адам алды. Екінші дозасының өзін 25 мыңдай тұрғын қабылдап үлгерген.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады