Екпе паспорты тек электронды форматта беріледі
Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Алматы, NEGE. «Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бланкіде ресімделген қағаз нұсқада ешқандай вакцинация құжатын бермейді. Егер мұндай өзгерістер енгізілетін болса, біз міндетті түрде алдын ала елдің барлық азаматтарына хабарлайтын боламыз. Бұл мәселе тіпті қарастырылмайды. Екпе алғандығын растайтын жалғыз жарамды паспорт — бұл электронды нұсқада! Сақ болыңыз және алаяқтардың арбауына түсіп қалмаңыз», - деп жазылған ведомство таратқан хабарламада.