«Екпе алып, көлік ұтып ал!» акциясы басталды

Өскемен қаласында 28 маусымнан «Екпе алып, көлік ұтып ал!» акциясы басталады.

Алматы, NEGE. ШҚО Ақпарат орталығы таратқан мәліметке сүйенсек, вакцина алған 18 жастан асқан Өскемен қаласының барлық тұрғындары автокөлік ұтыс ойынына қатыса алады.

«Ол үшін барлық екпе алған азаматтар 28 маусымнан бастап https://vaccine-uk.kz/ сайтында тіркелуі қажет. Акцияға жылдың басынан вакцина алғандар қатыса алады. Аты-жөнін, ұялы телефон нөмірін және екпе алған орынды көрсеткеннен кейін, акцияға қатысушыға алты таңбалы бірегей нөмір беріледі. Осы нөмір бойынша бас жүлде ойнатылады», – делінген хабарламада.

Ұтыс ойыны жалпыға бірдей екпе алу науқаны аяқталғаннан кейін әлеуметтік желілерде онлайн трансляция арқылы өтеді.

Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында ұтыс ойынының барлық кезеңдерін қадағалайтын тәуелсіз қоғамдық комиссия құрылмақ.

Сондай-ақ акцияға Өскемен қаласы әкімі аппаратының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне қатысуға тыйым салынады.

Қазір оқып жатыр

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады

Президенттің сәйгүлігі туралы шетелдік басылымдар жарыса жазып жатыр

«Мешітте түнеген»: Ата-анасымен ренжісіп, үйден кеткен жасөспірім қала сыртынан табылды