ЕКПА-ға жаңа төраға сайланды
Еуропа
Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының (ЕКПА) жаңа төрағасы боп Бельгия өкілі Хендрик Дамс сайланды.
Алматы, NEGE. Дамс мырза ЕКПА-да 2007 жылдан бері, 2010 жылдың қарашасынан 2014 жылдың қарашасына дейін араға үзіліс салып қызмет етті. Ол ассамблея төрағасы лауазымына лайықты жалғыз үміткер болды.
ЕКПА басшысы дәстүрлі түрде саяси топтар арасында ротациялық негізде сайланады. 2020 жылы екі жылдық кезең басталады, ол Хендрик Дамс ұсынған либералдар тобының квотасына сәйкес келеді.
Басылым бұған дейін Дамс мырза Ресей мен Украинаға қатысты түйінді мәселелер бойынша дауыс беруден қалыс қалып келгенін айтады. Сонымен қатар, ол Ресей делегациясының 2015 жылғы үндеуіне дауыс берген жоқ. Одан бөлек, Қырым мен Донбассқа да қатысты көптеген қарарларға дауыс беруге қатыспай қойған болатын.
ЕКПА-ны бұған дейін швейцариялық Лилиан Мори Паскье басқарып келді.