Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері 5 млн теңге парамен ұсталды

БҚО бойынша экономикалық тергеу департаментінің екі қызметкері 5 млн теңге парамен ұсталды.

Алматы, NEGE. БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлім еткеніндей, аталған департаменттің аға тергеушісі мен жедел уәкіліне қатысты тергеу басталды. 

Олар 1 қазан күні басқа органның өндірісіндегі қылмыстық істі қысқартуға ықпал етемін деп, Т. деген адамның сеніміне кіріп сеніміне кіріп, алдау жолымен 5 млн теңгесін иемденген.

БҚО бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, Орал қаласы полиция басқармасының уақытша оқшаулау изоляторына қамалды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?